Астананың іргесіндегі ауылға жолбарыс шапты ма: полиция ресми пікір білдірді (ВИДЕО)
Видео авторы жыртқыштың қорадағы малға шапқанын айтты
Видео авторы жыртқыштың қорадағы малға шапқанын айтты.
«Жолбарысты атып өлтірдік. Қораға кіріп кетіпті. Алдымен екі итті жеп қойды. Одан кейін қорада тұрған тайыншаға шапқан. Артынша шатырға шығып алды. Инспектор келгенде қолын тістеп алды. Жолбарысты өлтіруге мәжбүр болдық», — дейді видео авторы Арман Даниель.
Целиноград ауданында жолбарысты атып өлтірді деген ақпаратқа Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Бұл дерек тіркелмеген, таралып жатқан ақпарат сенімсіз. Жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз», — деп хабарлады полиция.
Ал ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Хабаровск өлкесінің Нанай ауданындағы Уни ауылында болған.