Астананың 1600 тұрғыны қысқы марафонда жүгірді
2018 жылғы 23 желтоқсан 14:41 457
АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін 1600-ге жуық елорда тұрғыны дәстүрлі Аstana Winter Marathon-2018 шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Марафон ұйымдастырушылары мәлім еткендей, астаналықтармен бір мезгілде еліміздің бірнеше қаласында 300-ге жуық адам белгіленген қашықтықтарды жүгіріп өтті.
Жарыс бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ереже бойынша марафонға 12-74 жас аралығындағы қатысушылар жіберілді. Төрт дисциплина болды — 42, 21, 10 және 5 шақырым. Бірақ аязға байланысты 42 шақырым 21-ге қысқартылды.
5 шақырым қашықтықта ерлер арасында Серік Исмаилов (16:51 минут), Серік Айтқазин (16:58), Алексей Жданов (17.18) көш бастады. Әйелдер арасында Адель Шахайдар (18:42), Пак Яна (21:33), Азия Жыланбаева (25:26) озып келді.
10 шақырым қашықтықта ерлер арасында Мирас Жетібаев (38:02), Рустам Сәтжанов (38:24) пен Диас Жетібаев (38:26) үздік деп танылса, әйелдер арасында Зарина Ментаева (46:07), Элвира Нұрмұстафина (51:24) және Жазира Оралбекова (52:33) жүлдегер атанды.
Ең ұзақ дисциплина — 21 шақырымда ерлер арасында мәреге алғаш жеткен Базарбай Дәуітәлиев (01:15:52), Әкім Еркебай (01:18:02), Ильдар Халиулин (01:20:48), Алексей Мешалкин (01:20:52), Сүндет Қайыртаев (01:23:04), Сағындық Ермағамбет (01:24:04) естелік сыйлықтармен марапатталды.
Әйелдер арасында 21 шақырымда Татьяна Миргородская (01:38:13), Жанерке Нұрбайқызы (01:42:19), Гүлмира Әменова (01:43:13), Әсел Құспанова (01:47:31), Ксения Асинская (01:47:56), Паулина Лейман (01:52:03) үздік болды.
Айта кетейік, Астанадағы қысқы марафон биыл екінші рет ұйымдастырылды. 2017 жылы алғаш рет ұйымдастырылған қысқы марафонда 400-ге жуық адам жүгірген еді.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz