астаналықтарға жіберілген хат туралы айтылды
Қазақстандықтарға «Тұрғын үй қорының» атынан хат түсе бастады. Төлем жасап, салықтан босатылуға болатыны жазылған
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Елорданың «Тұрғын үй қоры» атынан алаяқтар хат таратып жатқаны хабарланды. Қазақстандықтарға пәтер кезегі келгені айтылған. Алайда хатта мемлекет қорынан баспана алу үшін салық төлеу керек екені көрсетілген.
Ұйым ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Тұрғындарды сақ болуға шақырды.
sputniknews.kz