Астаналықтарға қарды уақытылы күремегені үшін 6 миллион теңге айыппұл салынды

0

Жазаланғандардың қатарында жүк көлігінің жүргізушілері, мердігер ұйымдар, кәсіпкерлер мен пәтер иелері кооперативтері бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам астаналық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам құқық бұзушы 6 миллион теңгеден (шамамен 15,7 мың доллар) астам сомаға жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бораннан кейін тонналаған қар ерітіліп жатыр – ғажайып машинаның видеосы

Қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын уақытылы және дұрыс тазартпағаны үшін 40-тан астам қызмет көрсетуші ұйым  (ПИК, ЖШС) және 30-дан астам мердігер ұйым шамамен 3 миллион 900 мың теңгеге жуық сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарды рұқсат етілмеген жерлерге түсірген 40-қа жуық жүк көлігінің жүргізушісіне миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Нұр Сұлтандағы төтенше жағдай режимі

27 қаңтардан бастап Қазақстанның астанасында ауа-райының нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Төтенше жағдайлар комитеті климаттық жағдай «айтарлықтай күрделі және нашарлауы мүмкін» деп атап өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз