Астаналықтар бір тәулік бойы көлік картасына ақша сала алмайды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

37 0 0

Сенбі кешкі сағат 18:00-ден бастап жексенбі сағат 18:00-ге дейін жол картасына қашықтықтан ақша толтыру қызметтері істемейтін болады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Астана қаласының жолаушылары 26-27 қаңтар күндері Astra Plat жол карталарына ақша сала алмайды.

26 қаңтар күні кешкі сағат 21:00-де қоғамдық көліктерге қызмет көрсететін Astra Plat компаниясының серверінде техникалық жұмыстар басталады.

Демалыс күндері қашықтықтан ақша толтыруға мүмкіндік беретін барлық қызмет тоқтатылады, деп хабарлайды Astra Plat баспасөз қызметіндегілер.

Бұл осы уақыт ішінде Qiwi, Kaspi.kz және transcard.kz және интернет банкинг арқылы жол картасына ақша аударуға болмайды деген сөз.

Астана қаласында қоғамдық көлікте қолма-қол ақша беретін болсаңыз, 180 теңге (0,48 доллар — Sputnik), ал карта арқылы төлесеңіз, 90 теңге (0,24 доллар — Sputnik) бересіз.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/