Астаналық полицейлер қайтыс болған қазақстандықтардың жеке мәліметін сатты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бірқатар тәртіп сақшысы жерлеу ісімен айналысатын бизнеспен заңсыз байланыс орнатқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар полицей және жерлеумен айналысатын агенттіктердің заңсыз байланыс орнатқанын анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жетекшісі Анар Жарованың айтуынша, полицейлер қайтыс болған қазақстандықтардың мәліметін жерлеумен айналысатын компанияларға сатқан.

Полицейлерден ақпарат алған соң, агенттік қызметкерлері қайтыс болғандадың туыстарына хабарласқан.

«Олар жұрттың қайғысына қарамай, өздерінің қызметін ұсынған. Бірден бұл агенттіктер қайғыға душар болған отбасы туралы ақпаратты қайдан алды деген сауал туындайды», -деді брифинг барысында Анар Жарова.

Астаналық жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру жұмысын бастады. Қорытындысы бойынша «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы кезекші бөлімнің тоғыз қызметкері жұмыстан шығарылды.

Тағы оқыңыз: Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды

Полицейлердің дені полиция майоры лауазымында болған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз