Астаналық өрт сөндірушілер ер адамның мәйітін тапты
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде болған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«6 желтоқсанда «101» пультіне Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт орнына елордалық Өрт сөндіру қызметінің құрылымы жіберілді. №2 және №5 ӨСБ құрылымы келген кезде төрт қабатты тұрғын үйдің бірінде 5 шаршы метр аумақта жиһаз бен үйдегі тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 1960 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», — деді баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!