Астаналық оқушы қомақты қаржысы бар əмиянды иесіне қайтарды

0

Әмиянның иесі Илья мен оның ата-анасына алғыс білдірді,

Елордалық №28 орта мектептің 11-сынып оқушысы Илья Шавиков 8 қаңтарда Кенесары көшесінің бойымен кетіп бара жатып, ішінде банк картасы және 112 мың теңге сомасындағы қаржысы бар әмиян тауып алған, деп хабарлайды Елода Инфо Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушының айтуынша, оның өзі де, ата-анасы да әлеуметтік желілерден Полиция департаменті Табылған заттар бюросының жұмысы туралы хабарландыруларды үнемі көріп жүрген және табылған затты қайтарып беру үшін сол жерге жүгінуді жөн деп шешкен.

9-қаңтарда Астана қаласы ПД Табылған заттар бюросы жүргізген тексерістен кейін жоғалған әмиянның иесін анықтады. Әмиянын жоғалтқан қызға Илья Шавиков тауып алған ақшасы мен банк карточкасы бар әмиянын табыс етті.

Әмиянның иесі Ильяға және оның ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ полицейлер де Илья Шавиковқа белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/