астаналық дәрігер қазақстандық әйелдерді сақтандырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Маманның айтуынша, маникюр мен педикюр жасаған кезде, қауіпті вирусты жұқтыру қаупі төмен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Сұлулық салонында құлақ тескен кезде, ВИЧ жұқтыру қаупі бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тің алдын алу және күрес орталығы емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Нұрғожина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұрғожина сұлулық салонына баратын қыз-келіншектерге құрал-жабдықтың стерилизациядан өткеніне көз жеткізуге кеңес берді. Әйтпесе, қауіпті вирус жұқтырып алуы ғажап емес.

«Маникюр мен педикюр жасаған кезде, ВИЧ жұқтыру қаупі төмен. Сұлулық салонында әр шебер қысқыш, қайшы, инелерді стерилдеп тазалап, өңдеп отыруы тиіс. Құлақ тескен кезде және татуировка жасағанда, міндетті түрде осыған назар аударыңыз. Әр клиент үшін бір реттік инелер қолданылуы тиіс. Бір реттік инелер көпке шыдамайды. Вирус жұқтыру қаупі бар. Сондықтан құрал-жабдықтың өңделуін мұқият қадағалан жөн», — деді ол Sputnik Қазақстанға.

Тағы оқыңыз: «Дені сау сәбиді өмірге әкелдім»: ВИЧ жұқтырған астаналық әйелдің әңгімесі

Нұрғожинаның айтуынша, тіс емханаларында ВИЧ жұқтырып алу қаупі жоқ. Өйткені қазіргі заманғы клиникаларда барлығы өңделеді, санитарлық талаптар сақталады.

«Вирус жұқтырып-жұқтырмағанын білу үшін қан анализін тапсыру керек. Анализ ең көбі үш күн, біздің орталықта дайындалады. Егер бастапқы анализ оң нәтиже берсе, онда анық-қанығына көз жеткізу үшін ол Алматы қаласына жіберіледі», — деді бөлім меңгерушісі.

Өкінішке қарай, әзірге әлемде қауіпті дерттің емі табылған жоқ.



sputniknews.kz