Астаналық ару аз қамтылған 100 отбасыға сыйлық таратты

0
Астаналық ару аз қамтылған 100 отбасыға сыйлық таратты


Сыйлықтарға ақшаны әлеуметтік желі арқылы жинаған. 

Жүзден астам бала астаналық арудың қолынан түрлі сыйлық пен тәтті алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Елорда тұрғыны Әлия Қуандықова және оның Аяз Ата мен Ақшақар бейнесіндегі достары аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

«Мен әкімдіктен көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін алдым. Facebook-тағы достарым мен таныстарым сыйлықтар алуға, қаражат жинауға көмектесті. Аяз Ата екеуміз сценарий жазып, сыйлықтарды сатып алу жағын реттедік. Сондай-ақ, достарым да маған көмек қолын созып, костюмдер киіп, бізбен бірге тәттілер таратты. Бұған қоса, олар кішкентай балалары бар отбасыларға  шана тарту еттік. Жаңа жыл – сиқырлы кезең. Мен осындай сыйлықтарды сирек көретін балаларға көңіл бөлгім келді. Енді біз ет сатып алып, оларды осы отбасыларға таратқымыз келеді», – дейді акция бастамашысы Әлия Қуандықова.