Астанаға іссапармен келген басшының неден көз жұмғаны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тұрғымбаев департамент басшысының орынбасары астанаға норматив тапсыру үшін келіп, өзіне қол салғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Нұр-Сұлтанға іссапармен келіп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Өз-өзіне қол жұмсады. Тексеріс жүріп жатыр. Бізде көз жұмған, жарақат алған барлық қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі», – деді министр үкімет кулуарында.

Тұрғымбаев ер адамның астанаға норматив тапсыру үшін келгенін атап өтті. Норматив үш жылда бір тапсырылады екен.

Бұған дейін БАҚ-та Александр Глазконың денесі елордадағы қонақ үйлердің бірінен табылғаны хабарланған еді.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе тұрғыны банктен кредит алып жатқанда көз жұмды 

Ол қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметін 2002 жылы бастаған. 2017 жылдың ақпанынан Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз