Астанадан бір тәулікте 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды

0

Астана, BAQ.KZ. Күн сайын көшелерді тазалау жұмыстарын 100-ге жуық мердігер ұйым жүргізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 25 қарашада тазалау жұмыстарына мамандандырылған 693 техника жұмылдырылды. Қала көшелерін қардан тазартуға шыққан жол жұмысшыларының саны – 278 адам. 25 қарашада 37921 текше метр қар шығарылды.

«Астана Тазалық» 16437 текше метр қарды шығарса, қалған мердігер ұйымдар – 19646, «Зеленстрой» АҚ – 1838 текше метр қарды қала сыртына жеткізді.

25 қарашада тұз аралас құм қоспаның 425 текше метрі себілді.

16 қазан мен 25 қараша аралығында қала сыртына шығарылған қардың көлемі 332658 текше метрге жетті.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ