Астанадағы жаңа мешітке Әбсаттар қажының есімі берілетін болды

0
1458

Астанадағы жаңа мешітке Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі беріледі.

Бұл туралы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

– Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ, – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.