Астанадағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен бес адам ауруханаға жеткізілді
25 адам қауісіз жерге шығарылды, оның оны балалар.
Елордадағы «Камал-4» ТҮК болған өрттің нәтижесінде 11 адам медициналық көмекке жүгінген, оның бесеуі аурухана төсегіне таңылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Бейсенбі, 28-ақпан күні кешке Астанада өрт болды. Сағат 22:18 үшінші қабатта орнласқан пәтерден өрт шығып, үй заттары мен балкон отқа оранған. Жалын жалпы аумағы 15 шаршы метр аумақты шарпып үлерген.
Қызыл жалын сағат 22:46 ауыздықталып, 22:58-де толығымен сөндірілді. Тұрғындардың жартысы төтенше жағдай орнынан өздері шыққан. Өрт болған мекен-жайға келген өрт сөндіру қызметінің мамандары 25 адамды қауіпсіз аймаққа көшірген, оның оны балалар. Тілсіз жауды сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 23 маманы мен бес өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz