Астанадағы сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлады: Оған ота жасалады — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Дәрігерлер Астанадағы танымал сауда орталықтарының бірінде үстіне пальма құлап кеткен әйелдің жағдайы туралы айтып берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазіргі уақытта әйел №2 қалалық ауруханада жатыр. Аурухананың бас дәрігері Иван Ли зардап шеккен әйелдің омыртқасы сынғанын айтты.
Дәрігерлер әйелді толық тексерген. Тексеру нәтижесі оның 11-омыртқасының сынып, орнынан тайып кеткенін, кеуде бөліміндегі 5, 6,7 және 8- омыртқалардың сынғанын, сонымен қатар сол жақ тобығы сынғанын көрсетті.Мұндай жарақат орташа және ауыр дәреже ретінде бағаланады. Дәрігерлердің сөзінше, әйелдің жағдайы қанағаттанарлық.
Алдағы уақытта оған ота жасалып, омыртқасына металл құрастырылымы орнатылады. Өз кезегінде ол әйелдің жақын уақытта аяққа тұруына мүмкіндік береді.
«Қалыпты жағдайда болса, мүгедек болып қалмайды деп ойлаймын», — дейді дәрігер.
Зардап шеккен әйел 32 жаста. Оның екі баласы бар.
Еске сала кетсек, наурыздың 8-ші жұлдызында Астанадағы ірі сауда-ойын-сауық орталығында эскалаторда тұрған әйелге пальма құлап түскен. Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеолар желіде тез таралып кетті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz