Астанадағы өрттен соң төтенше комитет басшысының орынбасарын жұмыстан алды
[ad_1]
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты. Премьер бұл туралы 12 ақпанда Астанадағы үкімет отырысы кезінде хабарлады.
Дұзақбаевты Астананың Көктал-1 шағын ауданындағы уақытша баспанадағы өрттен кейін жұмыстан алды. Үлкені 12, ең кенжесі жасқа толмаған бір отбасындағы бес қыз 4 ақпанға қараған түні ажал құшқан. Биліктің хабарлауынша, өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған.
Сағынтаев президент әкімшілігіне ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге «өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және өрттің алдын алу жұмысындағы салғырттығы» үшін сөгіс жариялау туралы ұсыныс жолдауды ұсынды. Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Владимир Беккер мен Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа қатаң сөгіс жарияланды.
Астанадағы бес баланы мерт қылған өрттен кейін Қазақстан қоғамында көп балалы отбасылардың әлеуметтік проблемаларын көтере бастады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және тағы бірнеше қалада көп балалы аналар билікке баспана мәселесін шешу, балаға төленетін жәрдемақыны көбейту, жеңілдіктер қарастыру туралы талаптар қойды. Үкімет жанынан «ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту» жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Көп балалы аналардың билікке талабы:
[ad_2]
Азаттық