Астанадағы мектептің жанынан қыз баланың өлі денесі табылды

0

Астанадағы оң жағалаудағы гимназиялардың бірінен қыз баланың өлі денесі табылды.

Астанадағы мектептердің бірінде 2010 жылғы қыздың мәйіті табылды. Оқиға 10 қыркүйекте орын алған. Куәгер мектептен 50 қадам жерде тапқан.

Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.  

«Кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», — делінген полиция хабарламасында.