Астанадағы мектепке «жарылғыш зат» қойған бала ұсталды

0

Аталмыш іс бойынша бала кәмелет жасына толмағандықтан, оқушының қылмысы үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Астаналық полицейлер қала мектептерінің бірі жарылатынын хабарлаған оқушыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, 14 қараша күні сағат 08:00 шамасында 102 нөміріне мектеп директоры хабарласып, белгісіз біреудің сағат 11:00-де мектептің жарылатыны туралы хабар бергенін жеткізген.

«Бірер минуттың ішінде оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақты қоршауға алып, оқушыларды, педагогтар мен персоналды сыртқа шығарды. Жалпы, жиыны 1800-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 10:05 шамасында тексеру жұмыстары аяқталып, қоршау алынып тасталды. Тексеру барысында ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат табылған жоқ. Жедел іздестіру жұмыстарының барысында кәмелет жасына толмаған 15 жастағы бала ұсталды. Ол бұзақылық пиғылмен мектептің жарылатыны туралы хабарлап, қоңырау шалған. Қазір терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», — Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш іс бойынша бала кәмелет жасына толмағандықтан, оқушының қылмысы үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!