Астанадағы “Хан Шатыр” сауда үйі жанынан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жарылыс болды

0

Астанадағы құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, арты өртке ұласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Kznews.kz— ке сілтеме жасап.

“Хан Шатыр” сауда үйі жанынан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны жайлы ақпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16:28-де түскен. 6 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілері жарты сағат болмай отты ауыздықтаған.

“Мұхамедханов көшесінің бойында салынып жатқан тұрғын үй кешеніне өрт шықты. Анық болғандай 3 газ баллоны жарылып, артынша 15 орамды жабынды материалға жайылған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 19 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды», — делінген ТЖД ақпаратында.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасында төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен жарақат алғандар болмағанын айтты.

Ал құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан BI Group компаниясы тұрғын үйдің қатты қирамағанына тоқталған.

“Асыл мұра тұрғын үй кешенінің С блогында төбе жабындысы жұмыстары кезінде өрт шыққан. Оқиға орнынан тез арада төтенше жағдайлар қызметкерлері шақырылды. Өрт толық сөндірілді. Жұмысшылар құтқарылды. Ғимараттың тірек құрылымдары зақымдалмаған”, — дейді компания өз жауабында.