Астанадағы бес баланың өмірін жалмаған өрт
Астанадағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты
Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан «времянкада» түнгі үште өрт шыққан. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде түскен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған. Қаза болған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған.
Тағы оқыңыз: Бес бала өртеніп кеткен қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Осы оқиғаға байланысты Астана әкімі шұғыл кеңес өткізіп,, құзырлы органдарға оқиғаның мән-жайын анықтауды және отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өрттің алдын ала себебін атады. Айтуынша, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.
Тағы оқыңыз: Министр бес қызынан айырылған отбасына көңіл айтты
Дереккөз: https://sputniknews.kz/