Астанада жылы аялдаманың есігін сындырған жігіт 5 жылға сотталуы мүмкін

0

Астанада жылы аялдаманың есігін сындырған жігіт 5 жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Полиция жылы аялдаманың әйнек есігін қиратқан бұзақыны іздестіруде.

Шығын көлемі 100 мың теңгеден асып жығылады.

Бұзақы ұсталса 200 тәулік қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 5 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Жылы аялдамалар елордаға бір ай бұрын орнатыла бастаған.

Еске сала кетсек, Астаналық жігіт көп ақшаға салынған аялдаманы қиратқан болатын.

Дереккөз: КТК