Астанада жылдың ең басты медициналық шарасы басталды

0
22 Қараша 2018, 11:59 161 0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ашылу салтанаты өткен «Денсаулық сақтаудағы инновация» халықаралық ғылыми форумына медицина саласындағы жұмысына инновация енгізіп жүрген, әртүрлі саладағы отандық және шетелдік үздік дәрігерлер қатысты.

Форумның пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды цифрландыру, роботталған хирургия, онкология салаларындағы инновациялық әзірлемелерді, инновациялық өнімдерді, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтер нәтижелерін грантпен қаржыландыру арқылы көрсетілетін қызметтерді енгізу мәселелері талқыланады.

«Денсаулық сақтаудағы инновация» форумы – медицина саласындағы маңызды жаңалық. Мемлекет саясаты денсаулық саласын дамытуға басымдық береді. Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы диагноз қою, емдеу барысында инновациялық технологияларды қолданады», — дейді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Васильевич.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ