Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды

Алдын ала болжам бойынша апатқа жердің тайғақтығы себеп болған.
Елордада қоғамдық көліктердің бірі аялдама павильонына соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
«2019 жылдың 5 ақпанында қалалық бағдардағы автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесіндегі аялдама орнына жақындай бере көлікті басқара алмай, жабық типтегі аялдама павильонына соғылды», — деп хабралады «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша апатқа жердің тайғақтығы себеп болған.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/