Астанада жол апатына кінәлі полицей жұмыстан босатылды – Тосын жай

0
236

Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде видео жарияланған болатын. Онда видео авторы «Орбита» дүкені маңында полиция қызметкерінің мас күйде автокөлік тізгінінде болып, жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы айтады.

Астана полиция департаментінің өкілдері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы («Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу, алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

«Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылығы үшін босатылды», – делінген Астана ПД хабарламасында.

Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz