Астанада жол апатына кінәлі полицей жұмыстан босатылды — Тосын жай
Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде видео жарияланған болатын. Онда видео авторы «Орбита» дүкені маңында полиция қызметкерінің мас күйде автокөлік тізгінінде болып, жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы айтады.
Астана полиция департаментінің өкілдері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы («Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу, алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
«Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылығы үшін босатылды», — делінген Астана ПД хабарламасында.
Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz