Астанада жаңа мешіт ашылды

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 21:29 253

Астанада жаңа мешіт ашылды


АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада ұлттық нақышта безендірілген жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа ғибадат орны Алматы ауданының Ғ. Мұстафин көшесінде орналасқан. Қасбеті тұтас ақ мәрмар таспен көмкерілгендіктен, «Aqmeshit» атауын иеленген.

Ғимарттың басты ерекшелігі — мұнараларының санында. Классикалық мешіттерде олар төртеу болады. Жаңа мешітте екі мұнара бар және олар стильдері бойынша түрлі 3 секциядан тұрады.

Астанада жаңа мешіт ашылды   Кешен екі жобалық ғимараттан құралған 450 адамға арналған мешіт. Бірақ, халық көп жиналғанда мың адамға дейін сыяды. Мешіт ішінде ерлер мен әйелдерге арналған ғибадат бөлмесі, неке қию бөлмесі, Құран оқитын зал, мейрамхана және мәйітхана бар.
Астанада жаңа мешіт ашылды

Сонымен бірге, мешіт жанында 75 орынға арналған медресе бар. Мұнда сабақ оқитын 9 аудитория мен оқытушылар мен шәкірттердің тұруына арналған 28 бөлме бар. Одан бөлек, кітапхана, жаттығу залы, асхана, медициналық бөлім, шаштараз бен кір жуатын жер бар. Бұл орындар Қазақстанның ешбір мешітінде қарастырылмаған.
Астанада жаңа мешіт ашылды

Қала әкімдігінің хабарлауынша, медресені Қазақстанның негізгі рухани тәрбие беру орталығына айналдыру жоспарланып отыр.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz