Астанада жаяу жүргінші жолында үлкен ойық тұрғындарды шошытты (видео)

0
44

Елордада жаяу жүргінші жолында үлкен ойық пайда болғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Осыған орай «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді.

Коммуналдық кәсіпорын мәліметінше, кеше сағат 17:08-де Тәуелсіздік пен Қажымұқан Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында, жолдың жаяу жүргінші бөлігінде орналасқан диаметрі 800 мм-лік кәріз коллекторында шұңқыр пайда болған.

«Шұңқыр көлік қозғалысына кедергі келтірмейді және таяу маңдағы үйлерді сумен жабдықтау жүйесінен ажырату жоспарланып отырған жоқ. Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» кәсіпорынының апаттық бригадасы коллекторды және жолдың жаяу жүргінші бөлігінің жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орын алған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді «Астана су арнасынан».

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету