Астанада ыстық су 25 пайызға қымбаттады деген ақпарат жалған

0

2018 жылғы 8 желтоқсан 19:39 21

Астанада ыстық су 25 пайызға қымбаттады деген ақпарат жалған - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астана әкімдігі ыстық су қымбаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Керісінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ыстық су тарифін арзандату жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы сенбіде БАҚ-қа шыққан Қазақстан астанасында соңғы айда ыстық су қымбаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Астанада ыстық су 25 %-ға өсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп мәлімдеді басқарма басшысы Ербол Төлеуов.

Е. Төлеуовтың айтуынша, ыстық су тарифі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап керісінше төмендейді.  

«Қазіргі таңда тарифті арзандату бойынша қажетті жұмыстар атқарылып жатыр», — деді ол.