Астанада үздік жас дизайнерлер анықталды

0
22 Қараша 2018, 14:48 108 0

Астана, BAQ.KZ. EXPO Astana Конгресс-орталығында жас дизайнерлер арасындағы Fashion for Future халықаралық байқауының финалы өтті. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Байқау үш кезең бойынша өткізілді: іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал. Алғашқы кезеңде бірнеше елден 600-ге жуық өтінім түсіп, олардың 14-і финалға өтті.

Fashion for Future – дизайн және сән саласындағы жас дарындарға арналған тамаша мүмкіндік. Бұл байқау арқылы қатысушылар өз таланттарын бар әлемге паш ете алды.

Байқау қорытындыларына сәйкес, бас жүлде Азамат Ғазизовке бұйырды. Жеңімпаз Миландағы Istituto Europeo di Design жазғы мектебінде үш апталық оқыту курсынан өтетін болды. Бар шығынды өз мойнына Сrystal AG компаниясы алады.

Сондай-ақ, Азаматқа сыйлықты KFW ASTANA-ның Еуропадағы бренд-амбассадоры Қорлан Мади табыстады. Шараны Kazakhstan Fashion Week IED Еуропалық дизайн институтымен бірлесіп ұйымдастырды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз