Астанада үш автобус соқтығысып, екі адам мерт болды

0

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бірнеше адам жараланған. Бұл туралы inform.kz ақпарат агенттігіне «Астана LRT» компаниясы хабарлаған.

«Бүгін, 26 наурызда, Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында үш автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып қалды. Қала іргесінен қатынайтын №303 маршрут №12 автобусқа соқтығысқан. №12 автобус №53 маршрутты жанап, ол жедел жәрдем көлігін соққан», — дейді компанияның баспасөз қызметі.

Желіде жол апатының видеосы тарады.

Астана полициясы қаза тапқандар туралы ақпаратты растады.

«Жағдай анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, №303 маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан» деп мәлімдеді полиция департаменті.

Azattyq