Астанада «Ұят тақтасы» пайда болды

0

Ол Astana IT университетінің орталығында ашылды.

Елордадағы Astana IT университетінің орталығында «Ұят тақтасы» пайда болды.

Мұндағы үлкен экранда құқық бұзушылардың яғни, тәртіпке бағынбағандардың аты-жөні мен фотосы жарияланып отырады.

Бұл мәлімет әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Осыған байланысты халық арасында түрлі пікірлер айтылуда.