Астанада тыйым салынған заттарды таратқандар ұсталды

0

Белсенді азаматтық ұстаным танытқан ер азамат үйінің жанында бірнеше рет күдік тудырған адамдарды көргені жөнінде полицияға хабарлаған.

Астаналық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы азаматтардың көмегімен тыйым салынған заттарды белгілі жерлерге жасыра отырып таратқан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Елорда Инфо баспасына сілтеме жасап.

Белсенді азаматтық ұстаным танытқан ер азамат үйінің жанында бірнеше рет күдік тудырған адамдарды көргені жөнінде полицияға хабарлаған.

Қала тұрғынының хабарламасына сәйкес полицейлер жедел әрекет еткен. Нәтижесінде Алпамыс көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің жанында айналымда тыйым салынған заттарды таратты деген күдікпен 24 жастағы жігіт пен 27 жастағы қызды ұстады. Тергеу шаралары барысында олар аталған заттарды жасырған жерді көрсетті.

Бүгінгі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған тұлғалардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ағымдағы жылдың басынан полицейлер психобелсенді заттардың таралуына қатысы бар қырықтан астам сайтты анықтап, бұғаттады. Тұрғын үй кіреберістерінде есірткі заттарын жариялайтын сайттардың сілтемесін жазып жүрген екі құқық бұзушыны ұстаған.

Астана қаласының Полиция департаменті заңсыз есірткі айналымына қатысты тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері жөнінде белгілі болған жағдайда Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының 71-63-93, 71-62-60 анонимді сенім телефондарына немесе 102 нөмірі арқылы қоңырау шалуды сұрайды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz