Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

0

Үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен отқа оранған, оқиға орнына өртке қарсы қызметтің сегіз көлігі келді

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Елордадағы «Триумф Астана» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кешеннің бірінші қабатында орналасқан тұсқағаздар дүкені отқа оранған.

«Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖ департаменті жеке құрамының 33 адамы мен сегіз дана техникасы тартылды.

Мәскеудегі ММУ ғимаратына ұқсас етіп салынған тұрғын үй кешені 2006 жылы пайдалануға берілген.


©
Foto : ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Тұрғын үй кешенінің бірінші қабатынан шыққан өрт

Еске сала кетсек, 13 ақпанда Астананың сол жағалауында Highvill Kazakhstan кеңселік ғимараты түгі қалмай өртеніп кеткен еді. Өрт аумағы 1500 шаршы метрді құрады.



sputniknews.kz