Астанада ТКШ және құрылыс көрмесі өтуде
Көрме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру үшін инновациялық шешімдер, инженерлік желілерді жаңғырту үшін жаңа технологиялар, «жасыл» технологиялар көрсетіледі.
Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытуға арналған «ТКШ-Құрылыс-ЭКСПО. SmartСity-2018» XI Халықаралық көрме-форумының бірінші күні өтті. Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ресми қолдауымен «Fair Expo» және «Экспо-Сервис» көрме компаниялары ұйымдастырды.
Көрме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру үшін инновациялық шешімдер, инженерлік желілерді жаңғырту үшін жаңа технологиялар, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығ, құрылыс технологиялары мен материалдары, жарықтандыру техникасы, электр жабдықтары, «жасыл» технологиялар көрсетіледі.
Отандық компаниялардан басқа, өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Литва, Польша және Қытай кәсіпорындары ұсынды. Көрмемен қатар компаниялар энергиямен жабдықтау, ТКШ-ны автоматтандыру, ағынды суларды тазартудың әлемдік тәжірибесі, қазіргі заманғы гидрооқшаулағыш жүйелер және т.б. презентацияларын өткізеді.
Ертең, көрме аясында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған «қалалық экономикадағы «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі» атты арнайы сайд-ивент өтеді. Іс-шараның басты тақырыбы – адамдардың қаладағы өмірін жеңілдететін және қоршаған ортаны сақтауға қабілетті «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі. Іс-шараға әкімдіктердің, қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, компанияның, бизнестің тұрғын үй қорының басқарушылары мен қызмет көрсетушілердің өкілдері, пәтерлер мен үй-жайлардың иелері, сарапшы-практиктер қатысады. «Энергияны тиімді басқарамыз — біз жайлылықта өмір сүреміз!» байқауында жеңімпаз атанған басқарушы компанияларды марапаттау күтіледі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!