Астанада шырша түбінде «бесік жырын» тыңдаған ер адам тәтті ұйқыға батқан (видео) — новости Казахстана
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ер адам жаңа жылдық шыршаның түбінде «бесік жырымен» ұйықтап қалған деп жазады astana_brothers Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ер адам күннің аязына қарамастан, ойнап тұрған әуенді тыңдап, ұйқыға кеткен. Ал бұл сәтте елорда тұрғындары оны видеоға түсіріп алған.
Айта кетейік, бәйтерекке жақын жерге жаңа жылға арналған ерекше шырша қойылған.
Шыршаның төменгі жағында әткеншектер әуенмен бірге айналып тұр.
Бұл жерде күндіз балалар әткеншекпен ойнаса, түнде ер адам «Спят усталые игрушки» әуенімен тәтті ұйқыға кеткен.
Айта кетейік, видео astana_brothers Instagram парақшасында жарияланды.