Астанада сатуға арналған етті шоқып жеп отырған құстардың видеосы жұртты шулатты (видео)
Астанада сатылымға қойылған етті шоқып жеп отырған құстардың видеосы жұртты шулатты.
Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында Алексей есімді желі қолданушысы аталған видеоны жариялады.
«Бәрімізге белгілі, көгершін – бұл ұшатын егеуқұйрық. Бойында түрлі індет бар. Ол жерде қарға да отыр. Ет бөлімі қайда қарап отыр? Астарыңыз дәмді болсын…», – деп жазды ол.
Артынша желі қолданушылары бірден видеоны қызу талқылай бастады. Олар санитралық бақылау қызметкерлері мен сатушылардың салғырттығын сөз естіп, сынның астына алды.
«Видео авторының кім екенін білмеймін, алайда байқампаз азамат екен. Жарайсың! Біздің тағамдардың сапасына үнемі көңілім толмайды. Ал мұнда санитария жоқ. Білесіздер ме, таяуда санитралық дәрігерлер Астанадағы базарлар мен дүкендердегі азық-түліктен сальмонелла және ішек таяқшаларын тапты. Ал сиыр еті деп көрсетілген ет өнімдерінен шошқа етінің ізі табылды. Ал біз мұның бәрін сатып алып, қоғамдық орындарда жейміз. Азық-түлік өнемідерін қатаң бақылау керек деп санаймын. Сапа туралы анықтаманы ақшаға сатып алуға жол бермеу керек», – деп жазды бұрынғы мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Бақыт Сыздықова Facebook-те.
Сондай-ақ, өзге де желі қолданушылары наразылығын білдіріп, ет сатушылардың мұндай жұымыс құс тұмауы індетіне немесе адамдардың уланып қалуына алып келуі мүмкін екенін жазды.
Источник: Stan.kz