Астанада құдықтан өлі табылған бала: Эфирге шыққан көріпкел баланың тірі екенін айтқан болатын

0

Астанада 13 жастағы жеткіншек Бақдәулет Өмірхан кәріз құдығынан өлі күйінде табылған еді. Оны іздеу кезінде эфирге шыққан көріпкел әжей баланың тірі екенін айтқан болатын.

“Өз ойым” бағдарламасына келген Құралай ханым көріпкелдікпен айналысады. Құмалақ ашып, дуаны қайтаратынын айтты. Жоғалған адамның қайда екенін тауып айта алатын қасиеті барын жеткізді.

Алайда имам Ғазиз Ахмет мұның исламда дұрыс жол емес екенін, болашақты білу өтірік нәрсе екенін айтты.

Осы орайда Құралай ханымға “екі күннен бері іздестіріліп жатқан Бағдәулет Өмірхан қайда болуы мүмкін?” деген сұрақ қойылды. Ол жеткіншектің тірі екенін, 4-5 күнде табылатынын, Астанаға жақын маңда екенін айтты. Ал, өзін энергетик, халық емшісі деп таныстырған Мәруа апа да баланың суық жерде екенін, тірі екенін айтты.

Өкінішке қарай жоғалған күнінен 4 күн өткенде жеткіншек өлі күйінде табылды. Оның денесін үйіне жақын жердегі кәріз құдығынан шығарылды. 4 метр болатын құдық түбінде су болған.

Қапыда қаза болған Бағдәулеттің денесі Жамбыл облысына жерленді.

Источник: Stan.kz