Астанада қоқыс өңдейтін тағы бір зауыт салынбақ

0

24 сағаттың ішінде мың тонна қоқыс шығады – Бақыт Сұлтанов.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру барысында қоқысты өңдеу жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Құрметті азаматтар, қоқыс жайлы, әкімнің сіздерден үлкен өтініші – қоқысты сұрыптай білейік. Ойлап қараңыздаршы, 24 сағаттың ішінде мың тонна қоқыс шығады. 2019 жылдың соңына дейін бізде қоқыс өңдейтін екі зауыт болады. Егер өзіміз тырыспасақ, Швейцариядағыдай өмір сүрмейміз», – деді елорда басшысы.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ағымдағы жылдың соңына таман қалада тағы да бір қоқыс өңдеу зауытының құрылысы аяқталады. Ол дегеніміз пайдаға асыру күшін 50% арттырады деген сөз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз