Астанада қонақ үйден ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды

0
1007

Астанадағы «Аланда» қонақ үйінен ҰҚК қызметкерінің өлі денесі табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған.

«Астана қалалық ІІМ тергеу бөлімінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылы 33-те орналасқан «Аланда» қонақ үйінің 615-бөлмесінде таңғы сағат 9:35-те денесі скочпен оралып, кісен салынған ҰҚК-нің қызметкері өлі табылды. Марқұм түнгі сағат 02:30-де жұбайына қоңырау шалып, маңызды кездесуде болатынын, отбасын қатты жақсы көретінін айтқан», – делінген хабрламада.

Астана қалалық ІІД қандай да ақпарат беруден бас тартты. Ресми хат жолдауды сұрады.

Ал қонақ үй қызметкерлері «бұл сұраққа тек басшылық жауап бере алады» деп қысқа қайырды.

Дереккөз: NewTimes.kz