Астанада қомақты ақша шешіп алған зейнеткерді банктің жанында тонап кетті
Қарияның 170 мың теңгесін тартып алған қаскүнемдер ұсталды
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Астаналық полицейлер 82 жастағы кейуананы тонады деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Зейнеткерді тонағаны үшін 33 жастағы ер адам және 19 жастағы бойжеткен қамауға алынды.
«Қаскөйлер қылмысты күндізгі уақытта елордалық банк филиалының бірінің қасында жасаған. Олар зейнетақы алатын күні зейнеткерлерді аңдыған. Бойжеткен банк ғимаратына кіріп, шотынан ақша алып, пальтосының қалтасына салып жатқан егде жастағы әйелді байқаған. Ол жәбірленушінің соңынан жүріп, үйлердің ауласында өзінің сыбайласымен бірге әжейдің 170 000 теңге сақшасын ашық түрде тонаған», — деп жазылған хабарламада.
Жасалған қылмыс жайлы хабарлама алған полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы күдікті мен оның сыбайласын анықтаған, деп жазды Елорда Инфо.
Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/