Астанада қазақстандық «DOS Ortopedia» кресло-арбалар бренді таныстырылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық «DOS Ortopedia» кресло-арбалар брендінің тұсаукесері өтті.
Қазақстанда алғаш рет жасалған арбаның әзірленуіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жəне «Астана қаласының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қолдау білдірді.
«Ересектер мен балалардың кресло-арбалары басқа елдерден келетінін барлығымыз білеміз жəне сапалы тауардың жоғары бағасы бар, немесе төмен баға кезінде сапасы нашар болады. Біздің елімізге мүгедек арбасының меншікті бренді қажет екенін түсіндік, оның сапасы бағасына сәйкес келетін болады», — деді «ДОС» «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің аткарушы директоры Қарлығаш Тыныбекова.
Орталықтағы көптеген қызметкердің өздері кресло-арбаларды пайдаланушылар болып табылады және 2018 жылы бірінші қадам жасап, «DOS Ortopedia» атты кресло-арбалардың тұңғыш қазақстандық брендін құрылған. Кресло-арбалардың дизайнын жəне жобасын да орталықтағы мамандар әзірледі. Бүгінгі таңда кресло-арбалардың белсенді моделін əзірлеудегі ассортимент кресло-арбаның 8 түрлі моделін, электрлі кресло-арбаның 3 түрлі моделін және стандартты кресло-арбаның 5 түрлі моделін қамтиды.
«Біздің тауар тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сапалы тауар ретінде танылады деген үміттенеміз», — деді бірлестіктің атқарушы директоры.
Бұдан бөлек, орталықта «Инва–ТЖҚ» сервистік қызметі жұмыс істейді. Ол жөндеу, техникалық қызмет көрсету, кресло-арбаларды жалға беру және мүгедектігі бар адамдарға арналған басқа да қосалқы құрылғыларды қамтитын тұтас кешенді іс-шараларды жүргізуге бағытталған.
Сервистік қызмет кезінде конструкторлық бюросы құрылған, ол әр түрлі заманауи құрал-жабдықтар мен өзіне-өзі қызмет көрсету және тәуелсіз қозғалыс бұйымдарын əзірлеумен жəне өндірумен айналысады.
«ДОС» орталығы − мүгедектер арбасының көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған адамдарды біріктіретін ұйым.
Ұйым қызметінің мақсаты — мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, психологиялық, физикалық және экономикалық кедергілерді жою, тең мүмкіндіктер жасау.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ