Астанада қала маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастады

2018 жылғы 25 желтоқсан 12:26 139

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Астана LRT» ЖШС қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік бағдарлары қозғалысының қайта жанданғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Қала маңына қатынайтын №302, 303, 304, 306, 307 қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысы қайта іске қосылды», — делінген компания хабарламасында.
Еске сала кетейік, кеше кешкісін Астанада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары ауа райына байланысты тоқтап қалған болатын.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz