Астанада полиция қызметкері жаттығу кезінде көз жұмды

Елордадағы «Алатау» спорт кешенінде 43 жастағы полиция қызметкері Қасымхан Мелдебеков миокард инфарктісінен көз жұмды. Шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мезгілсіз дүниеден өткен полицейдің отбасына көңіл айтты.
«Мезгілсіз дүниеден өткен Астана қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ (жедел қимылдайтын арнайы жасағы) аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес. Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді», — деп жазды Ержан Сәденов.