Астанада полиция Азаттық тілшілерін ұстады

0

Астанада наразылық танытқан адамдарды суретке түсірмек болған Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген мен оператор Ержан Әмірхановты полиция ұстап әкетті. Өркен Жоямергеннің телефон арқылы хабарлауынша, олар мәжілістегі жиынға кетіп бара жатқанда үкімет үйі маңында наразылық танытып, плакат ұстап тұрған бірнеше әйелді көріп қалған. Оператор наразы әйелдерді суретке түсірмек болғанда полиция наразы әйелдерді және оператор мен тілшіні ұстаған. Қазір оларды Есіл аудандық ішкі істер басқармасына алып бара жатыр. Полицейлер Азаттық тілшілеріне не үшін ұстағанын түсіндірмеді. Наразылық танытушылардың қандай талаппен шыққаны белгісіз.

Қазақстанда полиция бұған дейін түрлі наразылық шараларынан хабар таратпақ болған Азаттық тілшілерін бірнеше рет ұстаған.

Дереккөз: Азаттық