Астанада отшашу қайда және қашан болады

0
Астанада отшашу қайда және қашан болады


Жаңа жыл түні қалалық алаңда, «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында және Ботаникалық бақта отандық эстрада жұлдыздарының қатысумен концерт өтеді. 

Жаңа жылдық отшашу елорданың үш ауданында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні болады. Жаңа  жылға арналған мерекелік отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының аумағында, сондай-ақ Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысындағы гүлбақта тамашалауға болады. Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де іске қосылады.  

Астанада Жаңа жыл мерекесінде қайда баруға болады?

31 желтоқсан күні отандық эстрада жұлдыздары елордада тұрғындары мен қонақтары үшін концерт береді. Мерекелік бағдарлама сағат 21:00-де қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында және Ботаникалық бақта басталады.

Елорда циркінде 7 қаңтарға дейін, сенбі және жексенбіде сағат 16:00-де «Бақыт құсы» бағдарламасы өтеді. Тәуелсіздік сарайында бірқатар көрме ұйымдастырылады. 6 қаңтарға дейін Сейсенхан Махамбетовтың туындыларының экспозициясы, сондай-ақ «Антиквариат» көрмесі ашық болады.

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күнінде сағат 15:00-де «Астана Опера» театрында «Астана Опера» концерті, ал 5 қаңтарда сағат 12:00-де «Жануарлар карнавалы» зоологиялық қиял-ғажайып көрермендерді қуантады.

Кішкентай балаларды 1 қаңтардан 6 қаңтарға дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 12:00-ден 14: 00-ге дейін қуыршақ театры күтеді, онда жалмауыз кемпірдің қитұрқы істері туралы жаңа жылдық ертегі көрсетіледі.

Дереккөз: sputniknews.kz