Астанада өрттен қайтыс болған 5 бала жерленді

0

Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй кешенінде бір отбасының бес қызын жерлеу рәсімі өтті. Карина, Алина, Сабина, Мәдина және Альбинаның жаназасы Астанада 5 ақпанда өтті 

Қайғылы оқиға төртінші ақпан күні болды. Жеті жаннан құралған отбасы шағын үйді тұрған. Трагедия болған түні ата-анасы жұмыста болғаны анықталды. Анасы түнгі ауысымға кеткен, ал әкесі техникалық қызмет көрсету станциясындағы (СТО) жұмысына шұғыл шақыртылыпты. Балаларға көрші тұратын туыстары қарап қалған.

Құтқарушылар өрт туралы хабарды түнгі екі жарымда алған. Жарты сағаттан кейін өрт ауыздықталып, ал таңғы үш жарымға қарай толық сөндірілді. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өртке үйді пешпен жылыту себеп болған. Балаларды қараусыз қалдырған ата-аналарға қылмыстық іс қозғалмайды.

2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған қыздарды ақтық сапарға шығарып салуға мыңдаған астаналық жиналды. Адамдар қайғыдан қан жұтқан ата-анаға басу айтты.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Астанадағы трагедиядан кейін тапсырма берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болған балалардың туыстарына көңіл айтты. Президент барлық мемлекеттік органға осындай жағдайларды болдырмау үшін тексеріс жүргізуді тапсырды.  


Дереккөз: https://sputniknews.kz/