Астанада оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті
Астанадағы мектепте оқушы баспалдақтардың арасынан құлап кетіп, комаға түскен. Бұл туралы құқық қорғаушы «НеМолчиKZ» қоры жазды.
Оқыс оқиға үзіліс кезінде болған. Ұл бала жансақтау бөліміне жеткізіліп, үш күн бойы комада болған.
Оған бассүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, пневмоцефалия, көз айналасындағы ісіну диагнозы қойылған.
«№14 мектепте дұрыс қоршау жоқ, бала баспалдақ арасынан құлап кеткен. Жедел жәрдем ұзақ жүріп жеткен. Қабаттар арасында орнатылған камералар жұмыс істемейді. Қазір балаға шұғыл түрде ота жасау қажет. Ол Түркияда ғана жасалады. Бала бас жарақатына байланысты көру қабілетін жоғалтып жатыр», — деді Дина Таңсәрі.
Ол мектеп директоры мен сынып жетекшісін қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет дейді.
«НеМолчиKZ» қоры шұғыл түрде мектеп директоры мен білім департаментінен отаны, материалдық және моральдық өтемақы төлеуді талап етеді», — деді Д.Таңсәрі.
фото:ulismedia.kz