Астанада мереке күні көлік картасын сататын кассалардың жұмыс кестесі жарияланды

0

2018 жылғы 30 желтоқсан 08:42 103

Астанада мереке күні көлік картасын сататын кассалардың жұмыс кестесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мереке күні қоғамдық көлік карталары сатылатын кассалардың жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«31 желтоқсанда «Жеңіс» СҮ мен «Евразия» СҮ қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Сол себепті Жеңіс даңғылы бойында орналасқан «Жеңіс» СҮ-дегі мамандандырылған касса сағат 17:30-ға дейін, Петров көшесіндегі «Евразия» СҮ-дегі мамандандырылған касса сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді», — делінген Астана LRT компаниясы таратқан хабарламада.   

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz