Астанада мектеп оқушылары шұғыл түрде эвакуацияланды (фото) — новости Казахстана

Астанадағы №22 мектеп оқушыларын тәртіп сақшылары шұғыл түрде эвакуациялады деп хабарлайды «NewTimes.kz» .

Фото: newtimes.kz
Полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алған. Сондай-ақ, олар Жирентаева және Петров көшелерін де жауып тастады.

Фото: newtimes.kz
Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары ғимараттан жарылғыш затты іздеген көрінеді.
Мектеп жанында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері де жиналған.
Оқу мекемесінің басшылығы бомба қойылғаны туралы хабарламаны бүгін таңғы сағат 8-де алғанын хабарлады.
Мектеп әкімшілігі бірден полиция шақырып, балаларды үйіне жіберген.
Жедел түрде жүргізілген жұмыс барысында ғимаратта жарылғыш зат табылмапты.
Қазір тәртіп сақшылары жалған ақпар берген «террористі» іздеп жатыр.

Фото: newtimes.kz