Астанада мектеп оқушылары директордың үстінен шағымданды
Астанадағы №49 мектептің 10-сынып оқушылары мектеп директоры сабақ өткізбейтінін айтып, бейнеүндеу жолдады.
Айтуларынша, олар келер жылы «Абайтану», «Эссе құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» пәндерінен емтихан тапсырып, эссе жазады екен.
Енді олар «біз оны қандай біліммен жазамыз» деп отыр.